Астанада еркін күрестен Қазақстан Кубогының алғашқы күнінде күтпеген сенсация болды.
Елордадағы Qazaqstan аренасында өтіп жатқан еркін күрес бәсекесінде ел спорт жанкүйерлері есеңгіреп қалды. Қазақстан құрамасының тәжірибелі мүшесі, бірнеше мәрте Азия чемпионы атанған Данияр Қайсанов бірінші белдесуде жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.
Ол өзінің жаңа салмағы – 86 келіде ақтөбелік Бибарыс Нұрылаұлына жол берді. Жеңімпаздың есімі көпшілікке беймәлім, ірі халықаралық жетістіктері жоқ. Бұл нәтиже жанкүйерлер үшін үлкен тосынсый болды.
Бұл жеңіліс кездейсоқ па, әлде спортшының карьерасындағы құлдыраудың көрінісі ме?
Айта кетейік, Қайсановтың бұған дейінгі жарысы – Албания астанасы Тиранада өткен Мұхамет Малоны еске алуға арналған халықаралық турнир еді. Ол жақта да ол жарысты ерте аяқтаған: отандасы Болат Сақаевқа есе жіберді.
Осы екі жеңіліс қатарынан Қайсановтың спорттық формасының төмендегенін көрсетіп тұрғандай. Сарапшылар арасында оның карьерасын аяқтайтын сәт келген шығар деген пікірлер айтыла бастады.
Спорттық атақтары: ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Олимпиада қатысушысы: 2021 жылы – 74 кг, 5-орын
Маңызды жетістіктері: