UFC аңызы Қазақстанға келіп, Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді

Редактор Penalty.kz
25.05.2025, 19:27

UFC-дің қос салмақтағы бұрынғы чемпионы, Бейжің-2008 Олимпиадасының еркін күрестен чемпионы Генри Сехудо Астанаға келіп, қазақстандық жекпе-жек жанкүйерлерімен жүздесті. Ол баспасөз конференция барысында Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі болашағы туралы пікір білдірді.

instagram/@alash_pridefc

Генри Сехудо: "Шавкат UFC чемпионы бола алады"

"Менің ойымша, Шавкат — өте мықты файтер. Оның UFC чемпионы болатынына сенемін. Тіпті болашақта UFC турнирін Қазақстанда өткізуге себепкер болуы мүмкін", — деді Генри Сехудо Астанада өткен баспасөз жиынында.

Alash Pride 108: Сехудо мен Ахметов кездеседі

27 мамыр күні Астанада өтетін Alash Pride-108 турнирі аясында Сехудо құрметті қонақ ретінде қатысады. Сонымен қатар ол Қазақстанның тәжірибелі файтері Қайрат Ахметовпен арнайы жекпе-жек өткізеді.

Генри Сехудо кім?

Генри Сехудо — UFC тарихындағы екі салмақ дәрежесінде чемпион атанған санаулы спортшылардың бірі. Сонымен қатар Олимпиада чемпионы атанған алғашқы UFC файтері ретінде де ерекше танымал.