Қазақтың жойқын соққысы "Канело" Альваресті таңғалдырды (ВИДЕО)
03.06.2025, 09:14
Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы, үш дүркін ел чемпионы Әбілхан Аманқұл (4-0-1, 4 КО) мексикалық бокстың жұлдызы Сауль "Канело" Альваресті (63-2-2, 39 КО) қатты таңғалдырды.
independent.co.uk
"Канелоның" реакциясы желіде хитке айналды
Желіде таралған бейнежазбада Аманқұл "Канело" Альварестің жеке жаттығу залында спаррингке шығып, қарсыласын бауырдан ұрған соққымен ауыр нокаутқа жібергені анық көрінеді. Қатты соққыдан кейін қарсыласы есінен танып, жерге құлап түседі. Ал осы көріністі көзімен көріп тұрған "Канело" ұзақ уақыт бойы рингтен көз алмай, болған жайтқа сенбей қалғаны байқалады.
Әбілхан Аманқұл — әуесқой бокстың мақтанышы
Аманқұл — қазақстандық бокстың жарқын өкілі.
Әуесқой мансабында ол:
- 2017 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
- 2018 жылғы Азия ойындарының вице-чемпионы;
- 2017 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері;
- Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2016, 2018, 2020) атанған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама