Балауса Мұздыманның жанкүйерлері үшін жағымсыз жаңалық
04.06.2025, 05:33
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыманның (7 жеңіс, 0 жеңіліс, 5 нокаут) келесі жекпе-жегі кейінге шегерілді.
instagram/@muzdi__
Алматыдағы бокс кеші өтпейтін болды
6 маусымда Алматыда өтеді деп жоспарланған All Stars Boxing турнирі шегеріліп отыр. Мұздыман бұл кеште Египеттің жеңіліп көрмеген боксшысы Айя Рамаданмен (4-0) қолғап түйістірмек болған.
Ұйымдастырушылардың ресми мәлімдемесі
Турнир ұйымдастырушылары Instagram парақшасында былай деп жазды:
"Достар, бірқатар себептерге байланысты турнир қыркүйек айына ауыстырылды. Қолдауларыңызға рахмет!"
Мұздыманның соңғы жекпе-жегі қалай өтті?
Балауса Мұздыман соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізді. Ол филиппиндік Мария Тереза Пинилиді (7 жеңіс, 2 жеңіліс, 2 КО) сегіз раундтық айқаста төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп, кәсіби мансабындағы жетінші жеңісіне жетті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама