Сабырханнан Жүсіповке дейін: Қазақстандық боксшылар Еуропаны дүр сілкіндірмек
05.06.2025, 12:00
Қазақстандық боксшылар Нидерландтың Эйндховен қаласында 6–9 маусым аралығында өтетін беделді Eindhoven Box Cup халықаралық турниріне қатысады.
olympic.kz
Eindhoven Box Cup турниріне қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды
Аталған додада әлемнің 30-ға жуық елінен 200-ден астам спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында Олимпиада ойындарына қатысқан және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері бар.
Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Эйндховенге жол тартатын боксшылардың тізімі төмендегідей:
- 50 кг: Даниял Сәбит
- 55 кг: Махмұд Сабырхан
- 60 кг: Ерхан Тұрдан
- 65 кг: Ертуған Зейноллинов
- 70 кг: Абылайхан Жүсіпов
- 75 кг: Сабыржан Аққалыков
- 80 кг: Ерасыл Жақпеков
- 85 кг: Дәулет Тілемісов
- 90 кг: Сағындық Тоғамбай
- +90 кг: Нұрлан Сапарбай
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама