Баходир Джалоловқа жеңіліп көрмеген қарсылас табылды. Оның рекорды – 20:0

Редактор Penalty.kz
05.06.2025, 13:00

Boxingnews24.com басылымының журналисі Дэниэл Макглинчи жеңілмеген британиялық суперауыр салмақ өкілі Мозес Итауманың (20-0, 10 KO) болашағы жайында ой қозғап, оған лайық қарсыластар тізімін ұсынды.

фото ашық дереккөздерден алынды

Өзбекстандық нокаутерды Мозес Итаумаға қарсылас ретінде ұсынуда

Мозес Итаума рингке 19 шілде күні оралмақ. Оның промоутері Фрэнк Уорреннің айтуынша, қарсыластың есімі алдағы демалыс күндері жарияланады.

Журналистің пікірінше, Итауманың әлеуетін нақты бағалау үшін оны мықты қарсыластармен сынау қажет. Солардың бірі ретінде өзбекстандық нокаутшы Баходир Джалолов (15-0, 14 KO) аталды.

“Идеалды сценарий — Мозесті топ-проспекттермен жұдырықтастыру. Егер ол шын алтын болса, жарқырайды. Егер жалған болса — бәрі белгілі болады”, — дейді Макглинчи.

Қарсыластар тізімі: кім кімге лайық?

Итаума үшін ұсынылған мықты боксшылардың қатарында мына есімдер бар:

  • Джозеф Паркер
  • Ричард Торрес (кіші)
  • Баходир Джалолов
  • Дайниер Перо
  • Филип Хргович
  • Мартин Баколе
  • Чжан Чжилей
  • Эфе Аджагба
  • Энди Руис
  • Джаред Андерсон

Джалоловты осындай тізімде көру — оның халықаралық аренада мойындалғанын білдіреді. Ал Итаума мен Джалолов арасындағы ықтимал жекпе-жек — суперауыр салмақтағы жыл жекпе-жегіне айналуы мүмкін.