Төрехан Сабырханға тыйым салынды

Редактор Penalty.kz
05.06.2025, 19:40

Махмұд Сабырхан бауырына рингтегі басты ережені үйретті.

vesti.kz

Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан YouTube-тағы “Спорт Министрі” арнасына берген сұхбатында інісі — жас боксшы Төрехан Сабырханға қандай кеңес бергенін айтты. 

“Ол — менің туған інім. Сондықтан күн сайын байланыстамыз. Қай қарсыласпен жұдырықтасатынын бақылап отырамын. Өзім білгенімді үйретіп келемін. Ересектер арасындағы боксқа ауысқанда ең бірінші айтқаным — ашық төбелеске баруға болмайды. Тек техника мен айла қажет. Алла қаласа, кеше өткен турнирде жеңіске жетті”, — деді Махмұд.

Төрехан Сабырхан Thailand Open-2025 турнирінің чемпионы атанды

1 маусым күні, Таиланд астанасы Бангкокта өткен Thailand Open-2025 халықаралық жарысында Торехан 70 келі салмақ дәрежесінде финалда өнер көрсетті. Ол өзбекстандық боксшы Мухаммадзизбек Исмоиловты 5:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді.

Төрехан — Азия боксының жаңа үміті

Төрехан Сабырхан — Азияда жасөспірімдер мен жастар арасында төрт дүркін чемпион атанған алғашқы қазақстандық боксшы. Бұл — ел спорты тарихындағы айрықша жетістік.