Төрт дүркін Азия чемпионы, жас талант Төрехан Сабырхан ішкі біріншілікте Шымкент атынан сынға түсуді жалғастыратынын мәлімдеді.
Төрехан Сабырхан өзінің Instagram парақшасында мәлімдеме жасап, жанкүйерлер арасында туындаған сұрақтарға нақты жауап берді:
“Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Мен Шымкенттің намысын қорғауды жалғастырамын! Бұған дейін Атырауға ауысамын деп хабарлағам. Мені ол жаққа нағашым Бауыржан Кәрімов шақырды. Ол жақында Шымкент қалалық бокс федерациясының вице-президенті болып тағайындалды. Біз кездесіп, сөйлестік. Нәтижесінде мен Шымкентте қалу туралы шешім қабылдадым. Ішкі чемпионаттарда тек бір ғана өңірдің намысын қорғаймын. Ал халықаралық жарыстарда — Қазақстанның көк туын желбіретемін. Қолдауларыңызға рахмет! Мен ел намысын лайықты қорғау үшін барымды саламын.”
Сабырханның бұл шешімі спортсүйер қауым тарапынан жылы қабылданып, желіде қолдау тапты. Жанкүйерлер:
Төрехан Сабырхан – Азияның төрт дүркін чемпионы. Ол бұл жетістіктерге жасөспірімдер мен жастар арасында жеткен алғашқы қазақстандық боксшы ретінде ел тарихына енді.
Биыл сәуірде кәсіпқой бокста дебют жасап, жаңа деңгейге қадам басты. Осы арқылы тек әуесқой емес, кәсіпқой рингте де табысқа жетуге бел буып отыр.