Абылайхан Жүсіпов Эйндховендегі турнирдің финалында өзбекстандық боксшымен кездеседі (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
08.06.2025, 23:55

Бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абылайхан Жүсіпов Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінің финалына жолдама алды.

фото ашық дереккөздерден алынды

Жартылай финал: таза жеңіс, сенімді бокс

70 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Жүсіпов бельгиялық Анас Каддуримен қолғап түйістірді. Қарсыласын толық басымдықпен жеңген қазақстандық боксшы төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен финалға өтті.

Финал жолдамасы мен кем дегенде күміс медаль – қалтада

Осылайша, Абылайхан Жүсіпов Eindhoven Box Cup турнирінің шешуші кезеңіне өтіп, кем дегенде күміс жүлдені өзіне қамтамасыз етті. Ал Анас Каддури үшін бұл жарыс қола медальмен аяқталды.

Абылайхан финалда өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевке қарсы рингке шығады.

Муйдинходжаев 2024 жылғы олимпиада және 2023 жылдың әлем чемпионы саналады. 

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов – әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионатының күміс иегері.