Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық боксшы Нидерландыдағы беделді турнирде топ жарды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
10.06.2025, 00:04

Ерасыл Жақпеков Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінің финалында айқын басымдықпен жеңіске жетті.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Финалдағы таза жеңіс — 5:0

Ерасыл 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық айқаста украиналық Артур Касьяновпен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында қазақстандық спортшы толық үстемдік орнатып, төрешілердің бір ауызды шешімімен — 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, үшінші раундта украиналық боксшы екі рет ереже бұзып, төреші тарапынан екі ұпайдан айырылды. Бұл Жақпековтің жеңісін одан әрі айқын етті.

Алтын медаль — лайық марапат

Осылайша Ерасыл Жақпеков Эйндховендегі турнирдің алтын медалін жеңіп алды. Артур Касьянов жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Жақпековтің турнир жолы

Ерасыл финалға дейінгі жолда мықты қарсыластарын сенімді түрде жеңді. Ол алдымен Нидерланд өкілі Иво Пеллебурды, кейін бельгиялық Энди Симбуды, ал жартылай финалда даниялық Иде Силастан басым түсті. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары