Кәсіпқой боксқа көптен күткен қадам? Олимпиадаға қатысқан қазақстандық боксшы Таиландта жаттығуда (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
13.06.2025, 11:27

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы кәсіпқой рингке қадам басуға жақын. Боксшы ТаИландтағы әйгілі Tiger Muay Thai залында дайындық үстінде.

фото ашық дереккөздерден алынды

Базарбайұлы НҰрсұлтановпен бірге Таиландта жүр

Қазақстандық жас боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Таиландтың Пхукет аралында орналасқан Tiger Muay Thai жаттығу базасында дайындалып жатыр. Ол кәсіпқой бокстың орта салмағындағы WBC рейтингінің көшбасшысы Мейірім Нұрсұлтановпен бірлесіп жұмыс істеуде.

Жаттығу процесін британдық бапкер Джон Хатчинсон жүргізуде. Жаттықтырушы өзінің Instagram парақшасында Базарбайұлы мен Нурсұлтановтың дайындық барысынан үзінділер жариялады. 

Кәсіпқой рингке шығу жоспары әлі де өзекті

2024 жылдың соңында Мұхаммедсабырдың кәсіпқой бокста дебют жасайтыны туралы жаңалықтар шыққан. Оның ақпан айында алғашқы жекпе-жегін өткізуі жоспарланған. Бірақ белгілі бір себептермен бұл кездесу кейінге шегерілді.

Алайда қазіргі дайындықтар спортшының кәсіби аренаға шығуға толыққанды бет бұрғанын аңғартады. Бұл — жанкүйерлер үшін де, Қазақстан боксы үшін де үлкен үміт тудырып отыр.

Олимпиада мен халықаралық ареналардағы нәтиже

2024 жылы Париж Олимпиадасында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалға дейін жетіп, ел үмітін ақтауға бір қадам қалды. Бұған қоса, сәуір айында Ресейдің Хабаровск қаласында өткен Константин Коротковты еске алу турнирінде қола медаль иеленді.