Өзбекстандық ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Баходир Джалолов келесі жекпе-жегін Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында өткізеді.
Сәуір айында Астанада өткен бокс кешінде Баходир Джалолов украиналық Игорь Шевадзуцкиймен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте өзбек боксшысы ұпай санымен жеңіске жеткенімен жанкүйерлердің көңілінен шықпады. Алаңдағы тартыс “баяу әрі әсерсіз” өтті деп бағаланып, көрермендер Игорьдің есімін хормен айқайлап, Джалоловты ысқырып қарсы алды.
Айта кетейік, дәл осы кездесу Жалоловтың мерзімінен бұрын жеңіс сериясын тоқтатқан алғашқы жекпе-жек болды. Бұған дейін ол қарсыластарын нокаутпен жеңіп жүрген.
Баходир Джалолов 26 шілде күні әлемдегі ең атақты ареналардың бірі — Madison Square Garden рингінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – италиялық Джианмарко Кардилло, кәсіби мансабында 12 жеңіс (оның 2-еуі нокаутпен) және 1 жеңіліс бар.
Өзбек “алыптың” қазіргі рекорды — 15 жеңіс, 0 жеңіліс. Алдағы кездесу — оның мансабындағы жаңа деңгей мен рейтингке әсер ететін маңызды қадам болмақ.
Жанкүйерлер мен сарапшылар бұл жекпе-жекті Джалолов үшін нағыз сынақ деп есептейді. Себебі: