Әбиба Әбужақынова кезекті сенсация жасады (ФОТО, ВИДЕО)
13.06.2025, 19:10
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында финалға шығып, тарихи жетістікке жетті.
фото ашық дереккөздерден алынды
Жартылай финал: қарсылас үш ескерту алып, жеңіліп қалды
48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген Әбиба Әбужақынова жартылай финалда испаниялық Лаура Мартинес Абелендені айқын басымдықпен жеңіп шықты.
Белдесу барысында испан спортшысы үш ескерту (шидо) алып, жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды. Осылайша, Әбиба алғаш рет әлем чемпионатының финалында өнер көрсету құқығына ие болды.
Финалда кіммен кездеседі?
Абужақынова финалда Италия өкілі Асунта Скутто мен Франция балуаны Ширин Буклидің арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен белдеседі. Екеуі де әлемдік рейтингте үздік саналатын мықты қарсыластар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама