Қазақстан құрамасы Олимпиада-2028 чемпиондарын жариялады (ФОТО)
14.06.2025, 08:40
Ұлттық құраманың бапкері Ілияс Оралбеков болашақ Олимпиада жүлдегерлерін атады.
1bol.kz
Үміт артылған үштік: Сабырхандар мен Серік
Қазақстан бокс құрамасының бапкері Ілияс Оралбеков Instagram парақшасында жаттығу сәтінен кадрларын жариялап, болашақ Олимпиада чемпиондарын атап өтті.
Суретте ринг үстінде үш боксшы:
- Төрехан Сабырхан — 70 келі,
- Махмұт Сабырхан — 55 келі,
- Абзал Серік — 65 келі.
“Құдай қаласа, бұл жігіттер Олимпиада-2028 чемпионы болады”, – деп жазды Оралбеков.
Бұл кімдер?
- Төрехан Сабырхан — жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы (осындай жетістікке қол жеткізген алғашқы боксшы). 2025 жылғы Thailand Open халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.
- Махмұт Сабырхан — 2023 жылғы әлем чемпионы, 2024 жылғы Азия чемпионы. Әлемдік деңгейдегі сенімді қарсылас.
- Абзал Серік — 2019 және 2021 жылдары Азия чемпионы атанған тәжірибелі былғары қолғап шебері.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама