Үздік боксшылар рейтингі жаңартылды. Головкин қай орында?

Редактор Penalty.kz
15.06.2025, 18:18

Мықтылар арасында GGG-дан басқа бірде-бір қазақстандық боксшы жоқ. 

Ulyssport.kz

Жуырда Give Me Sport үздік 20 боксшының жаңартылған рейтингін жариялады. Жанкүйерлердің дауыс беруі негізінде жасалған pound-for-pound рейтингте Сауль «Канело» Альварес көш бастады. Геннадий Головкин – ТОП-20-да.

Канело – №1, Усик пен Джервонта үздіктер үштігінде

Британдық Give Me Sport порталы жанкүйерлер арасында Ranker платформасы арқылы дауыс беру ұйымдастырып, салмақ дәрежесіне тәуелсіз үздік 20 боксшының жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл тізімде қазіргі бокс әлеміндегі ең танымал әрі жетістігі мол спортшылар қамтылған.

Бірінші орынды мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварес (63-2-2) иеленсе, екінші сатыға украиналық Александр Усик (23-0) тұрақтаған. Үздік үштікті америкалық нокаутшы Джервонта Дэвис (30-0-1) түйіндеп тұр.

ТОП-20: үздік боксшылар тізімі (pound-for-pound)

  1. Сауль Альварес (63-2-2)
  2. Александр Усик (23-0)
  3. Джервонта Дэвис (30-0-1)
  4. Дмитрий Бивол (24-1)
  5. Теренс Кроуфорд (41-0)
  6. Артур Бетербиев (21-1)
  7. Наоя Иноуэ (30-0)
  8. Райан Гарсия (24-2-0-1)
  9. Дэвид Бенавидес (30-0)
  10. Тайсон Фьюри (34-2-1)
  11. Геннадий Головкин (42-2-1)
  12. Энтони Джошуа (28-4)
  13. Шакур Стивенсон (23-0)
  14. Теофимо Лопес (22-1)
  15. Эррол Спенс-младший (28-1)
  16. Муроджон Ахмадалиев (14-1)
  17. Тим Цзю (25-2)
  18. Девин Хейни (32-0-0-1)
  19. Джозеф Паркер (36-3)
  20. Джей Опетайя (28-0)

Альварес келесі жекпе-жекте кіммен кездеседі?

Канелоның келесі жекпе-жегі 2025 жылдың 12 қыркүйегінде Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Ол бұл күні абсолютті чемпион атағын қорғау үшін Теренс Кроуфордпен кездеседі. Бұл айқас – жылдың ең күтілетін бокс оқиғаларының бірі ретінде аталып отыр.