Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Жас Головкиннің" кезекті нокауты: Виктор Темиров Германияда қарсыласын жойқын соққымен тоқтатты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
15.06.2025, 21:55

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (8-0, 6 КО) Германияның Ганновер қаласында өткен бокс кешінде кезекті жеңісіне жетті. Оның қарсыласы — тәжірибелі поляк Лукаш Барабаш (4-17, 2 КО) жекпе-жекті соңына дейін жеткізе алмады.

sportburo.kz
Реклама
Реклама

Нокаутпен аяқталған айқас

Алты раундқа жоспарланған бұл орта салмақтағы жекпе-жек бірінші бөлікте-ақ аяқталды. Темиров қарсыласын ауыр соққылармен есеңгіретіп, нокаутпен жеңіске жетті. Бұл оның кәсіби мансабындағы сегізінші жеңісі және алтыншы нокауты болды.

"Қасапшы" немесе "Жас Головкин"?

Рингтегі лақап аты — "Қасапшы" болғанына қарамастан жергілікті неміс жанкүйерлері Темировті жиі Геннадий Головкиннің жас кезіне теңейді. Бұл ұқсастық кездейсоқ емес. GGG-де өз уақытында дәл Германияда мансабын бастаған.

Темиров — техникалық шеберлігімен, шабуылдағы агрессиясымен және суыққанды тактикасымен көзге түсіп келе жатқан жас боксшы. Оның жеңісі қазақстандық бокстың халықаралық аренада беделін тағы да арттыра түсті.

Қарсылас туралы қызықты дерек

Айта кетейік, поляк боксшысы Лукаш Барабаш өзінің Instagram парақшасында "ішімдік пен нашақорлықты тастап, боксты таңдадым»" деп жазған. Бұл оның өміріндегі күрделі жолының көрінісі болса керек. Дегенмен ол Темировтің екпініне төтеп бере алмады.

Темировтің кәсіпқой рекорды

  • Жеңістер: 8
  • Нокауттар: 6
  • Жеңіліс: жоқ
  • Салмақ дәрежесі: бірінші орта
  • Жасы: 25
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары