Екеуі де әртүрлі жауынгерлерді қолдап, бір-біріне мүлде кереғар позиция ұстанып отыр.
Жақында Алматыда өткен AMC Fight Nights Global турнирінен кейін қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Шавкат Рахмонов пен Қуат Хамитов қарсы тараптарға бөлініп кеткені анықталды.
13 маусым күні өткен бокс кешінде ресейлік Фаниль Рафиков Мариф Пираевты ұпаймен жеңіп шықты. Бұл жекпе-жекте Пираевтың бұрышында қазақстандық Қуат Хамитов болды. Ол спортшыға белсенді түрде кеңес беріп, барынша қолдау көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Қуат Хамитов пен Мариф Пираев арасындағы жекпе-жек екі рет (2024 жылғы 27 желтоқсан және 2025 жылғы 28 ақпан) түрлі себеппен өтпей қалған болатын.
Жекпе-жектен кейін Фаниль Рафиков Пираевпен қайта кездесу өткізгісі келетінін, бірақ бұл жолы ММА ережесіне сәйкес өтетіні туралы мәлімдеді. Ал дайындығын UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновпен бірге өткізуге ниетті.
«Біз Шавкатпен бірге жаттығамыз. Ол — менің досым әрі клубтасым. Иә, ол Марифке стилі жағынан ұқсамайды, бірақ біз бір-бірімізге жекпе-жектерге дайындық барысында көмектесеміз», – деді Рафиков.
Осылайша, Рафиков пен Пираев арасындағы қарымта кездесу қарсаңында қос қазақстандық спортшы екі бөлек лагерьде қалды: