Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатында екінші айналымға жолдама алды.
Әлем біріншілігінің алғашқы айналымында отандасымыз Молдова спортшысы Петру Пеливанмен татамиде кездесті. Кездесу тартысты өтті. Бірақ жекпе-жек соңына таяғанда Абылайхан шеберлік көрсетіп, тиімді әдіс арқылы таза жеңіске жетті. Бұл нәтижемен ол 1/16 финалға өтті.
Келесі кезеңде, яғни 1/16 финалда, Жұбаназардың қарсыласы Бразилия өкілі Габриэль Фалькао болады. Айта кетейік, бұл жекпе-жек 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді.
Өкінішке қарай, қыздар арасындағы алғашқы белдесуде 63 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Эсмигүл Құйылова жеңіске жете алмады. Ол словениялық Кайя Кайзерге есе жіберді.