Ол 90 келіге дейінгі салмақта Доминикан Республикасының өкілі Роберт Флорентиноны тартысты белдесуде қосымша уақытта жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасының мүшесі Мейірлан Максим Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Ол 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр.
1/16 финалдық кезеңде отандасымыз Доминикан Республикасының өкілі Роберт Флорентиноны жеңіп, келесі айналымға өтті. Кездесу аса тартысты болды, негізгі уақыт тең аяқталып, белдесу "алтын ұпай" (Golden Score) кезеңіне өтті. Осы сәтте Мейірлан тиімді әдіс жасап, "юко" ұпайын еншіледі.
1/8 финалда Мейірлан Максим жапониялық әлем чемпионы Гоки Тажимамен жолығады. Бұл жекпе-жек 1/4 финал жолдамасын сарапқа салады.