Максим Мейірлан жарақатына байланысты белдесуді жалғастыра алмады (ФОТО)
Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының бесінші күні қазақстандық дзюдошылар үшін сәтсіз аяқталды.
Спортты дамыту дирекциясы
Өкінішке қарай, бүгін татамиге жалғыз шыққан Мейірлан Максим (90 кг) 2024 жылғы әлем чемпионы — жапониялық Гоки Тадзимаға қарсы белдесу кезінде белсенді күрес көрсетіп, екі “шидомен” жеңіп жатқан сәтте жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады.
Айта кетейік, Мейірлан бірінші айналымда француз Алексис Матьёны сенсациялық нәтижемен тізе бүктірген.
Ертең жарыстың алтыншы күнінде 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрлыхан Шархан мен Марат Байқамұров татамиге шығады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet