Жарысқа 300-ден астам спортшы қатысып, 20 салмақ дәрежесі бойынша чемпиондар анықталады.
2025 жылдың 30 маусымында Астана қаласында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі басталады. Жарысқа 31 мемлекеттен келген 300-ге жуық былғары қолғап шебері қатысып, 20 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салады.
Ауқымды додада ерлер мен әйелдер арасында 20 салмақ дәрежесі бойынша чемпиондар анықталады. Турнирге Азия, Еуропа, Америка және Африка құрлықтарынан келген мықты спортшылар қатысады деп күтілуде.
Жарыстың басты мақсаты – спортшыларға рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік беру және 2025 жылғы ірі халықаралық додаларға жол ашу.
Әлем кубогы аясында жүлдегер атанған спортшылар рейтингтік ұпайларға ие болады:
Бұл ұпайлар спортшылардың әлемдік рейтингтегі орнын жоғарылатып, келесі деңгейдегі жарыстарға қатысу мүмкіндігін арттырады.
Ашылу салтанаты 30 маусым күні сағат 13:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл күннен бастап боксшылар тартысты кездесулерге кіріседі.
Финалдық жекпе-жектер 6 шілде күні өтеді.