Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақ қыздары әлем кубогына сақадай сай (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
24.06.2025, 11:52

Бокстан Қазақстан қыздар құрамасы Астанадағы әлем кубогына толық дайын. Спортшылар бас бапкер Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен Алматы облысындағы Жанашар ауылында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

видеодан скриншот
Реклама
Реклама

Халықаралық тәжірибе: Жапония, Ресей және Нигерия командалары бірге жаттығуда

Басты ерекшелік — бұл жолғы жаттығуға тек қазақстандық спортшылар емес, Жапония, Ресей және Нигерия ұлттық құрамалары да қосылған. Бұл көпжақты дайындық шетелдік боксшылармен тәжірибе алмасуға, тактикалық шеберлікті арттыруға үлкен мүмкіндік береді.

"Дайындық жоспарға сай жүріп жатыр. Командамыз жақсы формада, басты мақсат – жалпы есепте көш бастау", – деді бас бапкер Елдос Сайдалин.

Астана — басты бәсекенің мекені

Ұлттық құрама бірнеше күннен кейін Астанаға аттанады. Халықаралық турнир 30 маусымда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Өтетін орны Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы.

Бокс жанкүйерлеріне қуанышты жаңалық: көрермендер былғары қолғап шеберлерінің өнерін тамашалай алады. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары