Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Асу Алмабаевтың командасы Тагир Уланбековті реваншқа шақырды

Редактор Penalty.kz
24.06.2025, 14:12

Бұл туралы DAR Team бапкері Эдуард Базров мәлімдеді. Ол Асу бұрынғыдан әлдеқайда мықты екенін айтып, қазір реванш өткізуге тамаша мүмкіндік туғанын жеткізді.

NUR.KZ
NUR.KZ

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев пен дағыстандық спортшы Тагир Уланбеков арасындағы реванш жекпе-жек өткізу мүмкіндігі пайда болды. Бұл туралы DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров мәлімдеді.

Алғашқы кездесу

Эдуард Базров 2017 жылы Fight Nights турнирінде өткен алғашқы жекпе-жекті еске түсірді. Ол кезде жас әрі тәжірибесі аз Асу қарсыласынан жеңіліп қалған еді.

«Асу сол кезде жас әрі тәжірибесіз еді. Қазір ол мүлде басқа деңгейдегі спортшы», – деді бапкер Эдуард Базров.

Бүгінде Асу Алмабаев UFC-де 5 жекпе-жек өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жеткен. Сондай-ақ, ол Brave ұйымында да мықты қарсыластармен жұдырықтасып, тәжірибе жинақтады.

«Қазіргі Тагир бұрынғы бабында емес сияқты – салмақ қуудың да әсері бар шығар. Сондықтан дәл қазір реванш өтсе, Асу жеңіске жететініне сенемін», – деп қосты Эдуард Базров.

Екі спортшы да – UFC жауынгері

Асу Алмабаев пен Тагир Уланбеков қазіргі таңда UFC ұйымының аса жеңіл салмақтағы (flyweight) дивизионында өнер көрсетеді. Екеуінің де стилі мен техникасы жанкүйерлер арасында ерекше қызығушылық тудырады.

Қазіргі уақытта UFC тарапынан ресми келісім немесе күнтізбе жарияланған жоқ. Дегенмен DAR Team бапкерінің бұл мәлімдемесі реванштың жүзеге асу мүмкіндігін арттырып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір