АҚШ-тың Уичито қаласындағы Charles Koch Arena-да ауыр салмақтағы (90,7 кг+) бұрынғы әлем чемпионы, қатыгез нокаутшы Деонтей Уайлдер (44-4-1, 43 KO) кезекті жеңісіне жетті. Ол америкалық Тайррелл Херндонды (24-6, 15 KO) тас-талқан етті.
1-раунд: Екі боксшы да джебке сенім артты. Уайлдер белсендірек көрінді, кейде оң қолын іске қоспақ болды. Бірақ дәлдік жетіспеді. Рингтің бұрыштарын жақсы қысқанымен нақты соққы жоқ.
2-раунд: Уайлдердің күтпеген сол жақ чек-хугінен кейін Херндон тепе-теңдігін жоғалтып, нокдаунға түсті. Херндон бұл сәтпен келіспеді, өзін нокдаун деп есептемейді.
Келесі раундтар:
4-раундта Херндон қарсы шабуыл жасап, сол жақ хукпен сәтті жауап қайтарды. Бірақ күш-қуаты азая бастады.
6-раунд: Херндон тағы да нокдаунға ұшырады. Уайлдердің үстемдігі анық болды. Херндон қарсы соққы бермеді, тек аман қалуға тырысты. Осылайша төреші жекпе-жекті 7-раунда аяқтауға мәжбүр болды.
Деонтей Уайлдер өзінің жеңісті сериясын жалғастырып, кәсіби мансабындағы 43-ші нокаутын тіркеді.