Түркияның Коджаэли қаласындағы Яшар Догу, Вехби Емре және Хамит Каплан атындағы дәстүрлі халықаралық турнирде үлкен сенсация тіркелді. 86 кг салмақтағы алтынға басты үміткер саналған қазақстандық еркін күрес шебері Болат Сақаев ширек финалда жергілікті балуан Альперен Атардан техникалық жеңіліспен ұтылды — 0:10.
Сақаев жекпе-жекті қарқынды бастағанымен Атар қарсы шабуылдарда үстемдік етті. 0:10 есебі тіркелген сәтте жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды. Болат медаль үшін тартыстан тыс қалды.
Туған күні: 9 ақпан 1993 ж.
Туған жері: Алматы (Атырау облысының намысын қорғайды).
Негізгі жетістіктері:
Азия чемпионы (2023, 79 кг)
Азия чемпионатының финалисі (2025, 86 кг)
Қазақстан кубогының жеңімпазы (2025)
Жастар арасындағы Азия чемпионы (2013, 66 кг)
Әлем студенттік біріншілігінің қола жүлдегері (2016, 74 кг)
Әлемдік рейтинг: 9-орын (17 400 ұпай).