Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық күрес шеберлері халықаралық турнирдің финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі
28.06.2025, 19:21

Түркияның Коджаэли қаласында Яшар Догу, Вехби Емре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде еркін күрестен Қазақстан құрамасы сенімді нәтиже көрсетіп жатыр.

vesti.kz
Реклама
Реклама

Ел намысын қорғаған үздіктер 

Мадияр Құрамысовтың шәкірттері бүгін үш бірдей алтын медаль үшін күреседі. Финалға Нұрқожа Қайпанов (74 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг) және Ризабек Айтмұхан (97 кг) жолдама алды.

Қайпановтың жорығы:

  • Біліктілік кезеңі: Әрсен Қабден (ҚР) — 10:0
  • 1/8 финал: Сайфулла Итаев (Франция) — 6:4
  • 1/4 финал: Гиорги Элбакидзе (Грузия) — 10:4
  • Жартылай финал: Отари Багаури (Грузия) — 5:1

Дәулетбековтің қарсыластары:

  • Біліктілік кезеңі: Бобур Исломов (Өзбекстан) — 10:0
  • 1/4 финал: Осман Гөчен (Түркия) — 5:4
  • Жартылай финал: Магомедхабиб Кадимагомедов (Беларусь) — 7:2

Айтмұханның финалға дейінгі жолы:

  • Біліктілік кезеңі: Дато Пирузашвили (Грузия) — 8:4
  • 1/4 финал: Зафар Алиев (Әзербайжан) — 8:4
  • Жартылай финал: Ресул Гюне (Түркия) — 10:0

Еске салсақ, осы турнирде 86 келіде күрескен Болат Сақаев сенсациялық түрде 0:10 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары