Лас-Вегастағы UFC 317 турнирінің басты оқиғасында Испания атынан өнер көрсететін грузииялық Илия Топурия (16-0) мен бразилиялық Чарльз Оливейра (35-10) жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасты.
Белдесу бес раундқа жоспарланғанымен алғашқы 5 минутқа да жетпей тоқтады. Илия Топурия қарсыласын ауыр нокаутқа түсіріп, өзінің 17-ші жеңісін тіркеді. Ал Чарльз Оливейра үшін бұл — мансабындағы 11-ші жеңіліс.
Видео жекпе-жек сәті желіде таралып үлгерді. Жанкүйерлер Топурияның соққысын “құлақты жарып жіберетін” деп сипаттауда.
Илия Топурия бұл белбеуге Ислам Махачев жартылай орта салмаққа ауысқаннан кейін қол жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін грузииялық файтер төменгі салмақта UFC чемпионы болған. Осылайша ол ұйым тарихында екі дивизионда чемпион атанған сирек файтерлердің қатарынан орын алды.
UFC 317-ден кейін жанкүйерлер Топурияның алғашқы титул қорғайтын қарсыласы кім болатынын қызу талқылап жатыр. Әзірге UFC басшылығы ресми мәлімдеме жасамаған.