Әлем чемпионы, Азия чемпионы, ел үміті – Бекзат Нұрдәулетов World Boxing кубогының жартылай финалына шықты.
Бекзат Нұрдәулетов Астанада өтіп жатқан беделді World Boxing кубогындағы алғашқы кездесуін сенімді жеңіспен бастады. Ол ширек финалда 85 келіге дейінгі салмақта австралиялық Лаклан Лоусонды барлық төрешінің бір ауыздан шешімімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Бұл жеңіс арқылы Нұрдәулетов кем дегенде қола медальді қоржынына салды. Енді финалға шығу үшін тағы бір жекпе-жек өткізеді. Ал Лоусон үшін бұл турнир аяқталды.
2019 жылғы әлем чемпионы, 2024 жылғы Азия жеңімпазы – Бекзат Нұрдәулетов қазір Қазақстан боксының тірегіне айналған. Оның техникасы, тактикалық ойыны мен тәжірибесі әлем аренасында үлкен құрметке ие.