Реклама
Реклама

Санжар Тәшкенбай жойқын дебют жасап, World Boxing кубогының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
02.07.2025, 16:29

50 кг салмақ дәрежесінің ¼ финалында Санжар Тәшкенбай жапониялық Содаи Котоны толық басымдықпен ұтты. Бес төреші де қазақстандық боксшыға 10:9 ұпайын берді — есеп 5:0.

спортты дамыту дирекциясы

Астанадағы алғашқы айқас

Бұл жеңіс 22 жастағы Тәшкенбайға жартылай финал жолдамасын ғана емес, кем дегенде қола жүлдені де сыйлады. Енді отандасымыз финалға өтіп, “алтынға” таласуды мақсат етеді. Ал Содаи Кото турнирді медальсыз аяқтады.

Боксшының басты жетістіктері

  • Әлем чемпионаты-2023: алтын
  • Азия чемпионаты-2022: алтын
  • World Boxing Кубогі-2025: кемінде қола медаль (жартылай финалда)
Реклама
Реклама