Нұрбек Оралбай бүгін шаршы алаңға шықпайды
03.07.2025, 15:20
Үндістандық қарсыласы бас тартқандықтан қазақстандық боксшы жартылай финалға автоматты түрде өтті.
instagram/@boxingkazakhstan
Қарсылас жекпе-жекке шықпады
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Оралбай ширек финалда Үндістан өкілі Лакшья Чахармен кездесуі тиіс болатын. Алайда қарсыласы турнирді жалғастырудан бас тарып, Нұрбек жекпе-жек өткізбей-ақ келесі кезеңге өтті.
Осылайша Нұрбек Оралбай жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлдегер атанды.
Оралбайдың жетістіктері
- 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері
- 2023 жылғы әлем чемпионы (Ташкент, Өзбекстан)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама