Махмұт Сабырхан World Boxing кубогында жартылай финалға жолдама алды.
Махмұт Сабырхан филипииндік Аарон Джуд Бадоға қарсы алғашқы минуттардан басымдық көрсетіп, бірнеше рет нокдаунға жіберді. Үшінші құлаған сәттен кейін төреші айқасты тоқтатты. Бұл Сабырханның мерзімінен бұрынғы жеңісі.
Бұл жеңіс Махмұтты жартылай финалға шығарды, ал филиппиндік спортшы турнирді жүлдесіз аяқтады. Енді қазақстандық былғары қолғап шебері кем дегенде қола медаль иесіне айналды.
Техникалық шеберлігі мен аяқ-қол координациясына бола жанкүйерлер оны “Қазақ Ломаченкосы” деп атап кеткен.