Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Ақхалықов Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының ширек финалында жарқын жеңіске жетіп, кемінде қола жүлдеге ілікті.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақхалықов ширек финалда канадалық Джошуа Офоримен кездесіп, бірінші раундтан кейін төрешілер жазбасында ұтылып жатқан еді. Алайда екінші және үшінші раундта басымдық танытып, бір ауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті.
Бұл жеңіс Сабыржанға жартылай финал жолдамасын ғана емес, сонымен бірге әлем кубогының қола медалін де қамтамасыз етті. Ал қарсыласы Джошуа Офори үшін турнир осы кезеңде аяқталды. –
Сабыржан Ақхалықов – жай ғана кезекті қатысушы емес. Ол:
Мұндай жоғары деңгейлі тәжірибе оның кез келген қарсыласқа қауіпті екенін көрсетеді.