Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Астанадағы әлем кубогының финалында 12 қазақстандық жұдырықтасады

Редактор Penalty.kz
06.07.2025, 10:21

6 шілде күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бокстан әлем кубогының (World Boxing Cup) финалдық жекпе-жектері өтеді. Финалға Қазақстаннан 12 боксшы — 6 ер және 6 әйел спортшы жолдама алды. 

Instagram/@boxingkazakhstan

Күндізгі сессия (14:00)

Алғашқы финалдық кездесулер күндізгі уақытта басталады. Рингке шығатын қазақстандықтар мен олардың қарсыластары:

  • Назым Қызайбай (48 кг) — Минакши Минакши (Үндістан),
  • Махмұт Сабырхан (55 кг) — Руи Ямагучи (Жапония),
  • Нұрбек Оралбай (80 кг) — Ёжерлин Сесар (Франция),
  • Бекзат Нұрдәулетов (85 кг) — Джугну Джугну (Үндістан),
  • Виктория Графеева (60 кг) — Ребека Де Лима Сантос (Бразилия),
  • Наталья Богданова (70 кг) — Лекайша Перголити (Аустралия),
  • Санжар Тәшкенбай (50 кг) — Джей Брайан Барикуатро (Филиппин).

Кешкі сессия (19:00)

Кешкі уақытта өтетін екінші бөлімде келесі боксшылар "алтын" үшін жұдырықтасады:

  • Алуа Балқыбекова (50 кг) — Пихла Кайво Оджа (Финляндия),
  • Надежда Рябец (75 кг) — Суннива Хофстад (Норвегия),
  • Елдана Тәліпова (80+ кг) — Нупур (Үндістан),
  • Сабыржан Ақхалықов (75 кг) — Рами Киюан (Болгария),
  • Айбек Оралбай (90+ кг) — Никита Путилов (Германия).

Финалдық жекпе-жектерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы күтілуде.

Әлем кубогы — жаңа жүйедегі халықаралық турнир

30 маусымда басталған бұл дода World Boxing ұйымының аясында өткізіліп жатыр. Бұл ұйым — әлемнің жетекші бокс державалары бірігіп құрған тәуелсіз құрылым. Астанадағы кезең — жаңадан құрылған әлем кубогының бір бөлігі.

Жаңа формат

  • Турнир бірнеше мемлекетте өтетін кезеңдерден тұрады;
  • Әр кезеңде спортшылар рейтингтік ұпай жинайды;
  • Ұпайлар суперфиналға жолдама алу үшін шешуші рөл атқарады;
  • Суперфинал 2025 жылдың күзіне қарай Үндістанда өтеді.