Қазақстан бокс құрамасының көшбасшыларының бірі Махмуд Сабырхан спорттық жетістіктермен қатар, білім жолында да зор табысқа жетті. Жақында танымал спортшы Мұхтар Әуезов атындағы университетте спорт менеджменті мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленді.
Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшы боксшыларының бірі Махмұт Сабырхан білім саласында да үлкен жетістікке қол жеткізді. Ол М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде спорт менеджменті мамандығы бойынша ғылым магистрі атанды.
Махмұд бұл қуанышты жаңалығын инстаграм парақшасында бөлісті:
«Ассалаумағалейкум. Мұхтар Әуезов атындағы университетте Спорт менедженті білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі атандым!
Білім нәрімен сусындатқан барша мұғалімдеріме алғыс білдіремін. Еңбектеріңіз жана берсін!
Білімдіге дүние жарық дейді дана қазақ. Бұл оқу орнында алған білімім алдағы өмір жолында пайдаға асады деп білем!» – деп жазды ол.
Махмұт Сабырхан – 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогының жеңімпазы, сондай-ақ 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионы (2024).