22 жастағы қазақтың жекпе-жегі миллиондаған жанкүйерді таңғалдырды (ВИДЕО)
20.07.2025, 21:04
Ернұр Қайрат (жасы 22-де, рекорды: 1-0, 1 KO) кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізіп, ерекше нәтиже тіркелді. Айқас Қырғызстан астанасы Бішкектегі бокс кеші аясында өтті.
Instagram/@kairat_ernur02
Тартысты алты раунд
Ернұр жергілікті боксшы Нұржігіт Дүйшебаевпен қолғап түйістірді. Бұл – қырғыз спортшысы үшін алғашқы кәсіпқой жекпе-жек болатын. Жеңіл салмақта өткен айқас алты раундқа жоспарланған еді және толығымен белгіленген қашықтықта өтті.
Кездесу барысында екі боксшы да белсенділік танытып, тең дәрежеде жұдырықтасты. Қорытындысында төрешілер шешімімен тең есеппен аяқталды.
Осылайша Ернұр Қайраттың кәсіпқой рингтегі көрсеткіші – бір жеңіс (нокаутпен) және бір тең нәтиже. Ал Нұржігіт Дүйшебаевтың рекорды енді бір тең нәтижемен ашылды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама