Бокстан Қазақстанжастар құрамасы Азия чемпионатына тас түйін дайын. Құрлықтық дода 30 шілде мен 12 тамыз аралығында Бангкокта өтеді.
U22 және жастар арасындағы бұл чемпионат World Boxing ұйымының бастамасымен өтеді. Бұл – Азия құрлығындағы жас таланттар үшін ең маңызды турнирлердің бірі.
2025 жылдың мамыр айында Қазақстан құрамасы IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) аясында Шри-Ланка астанасы Коломбодағы жастар арасындағы чемпионатқа да қатысқан. Енді боксшыларымыз жаңа ұйымның турнирінде ел намысын қорғайды.
Қазақстан U22 құрамасы Азия чемпионатында келесі салмақ дәрежелері бойынша бақ сынайды:
Бұл жігіттер – өз салмағында елдегі мықты жас боксшылардың қатарына енген таланттар. Олардың көпшілігі халықаралық жарыстарда тәжірибе жинап үлгерген.