Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Азат Мақсұмның UFC октагонына қашан оралатыны белгілі болды

Редактор Penalty.kz
22.07.2025, 20:36

Қазақстандық UFC файтері Азат Мақсұм келесі жекпе-жек күнін ресми түрде жариялады. Ол 25 қазан күні Абу-Дабиде өтетін UFC 321 турнирінде америкалық Митч Рапосомен күш сынасады.

Offside.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық UFC файтері Азат Мақсұм (17–2) өзінің келесі жекпе-жегінің нақты күнін жариялады. Ол аралас жекпе-жек әлеміндегі ең ірі ұйым — UFC аясында октагонға қайта оралады.

Жекпе-жек қашан және қайда өтеді?

Мақсұмның келесі айқасы 2025 жылдың 25 қазанында Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 321 турнирі аясында ұйымдастырылады. Бұл туралы алғаш болып танымал спорт журналисі Марсель Дорф хабарлады.

Қарсыласы кім?

Отандық спортшының қарсыласы — АҚШ өкілі Митч Рапосо (9–3, UFC-де 0–2). Айқас найлегчайшая салмақ дәрежесінде (flyweight) өтеді. Рапосо үшін бұл – UFC-дегі қайта өрлеу мүмкіндігі, ал Мақсұм үшін жеңісті жолға қайта оралу талпынысы болмақ.

Азат Мақсұм соңғы рет октагонға 21 маусым күні Бакуде (Әзербайжан) өткен UFC on ABC 8 турнирінде шыққан еді. Ол кездесуде ресейлік Тагир Уланбековке төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіліп қалған болатын. Бұл — Мақсұмның мансабындағы екінші жеңілісі.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары