Асу Алмабаев октагонға шықпай-ақ қалтасын 3 миллионға қомпайтып алды
Асу Алмабаев алдағы перулық Хосе Очоамен өтетін жекпе-жек алдында UFC тарапынан қаржылай бонусқа ие болды.
UFC-дің жаңа төлем жүйесі
UFC промоушені турнир алдындағы медиа және жарнамалық шараларға қатысқан спортшыларға арнайы сыйақы төлеу жүйесін енгізді. Бұл туралы UFC-ке жақын телепродюсер Джед Гудман мәлімдеді.
Барлық қатысушылар бес санатқа бөлінген. Әрбір санаттағы төлем мөлшері спортшының UFC-дегі тәжірибесіне байланысты есептеледі.
Асу Алмабаев үшінші санатқа еніп, 6 мың доллар (шамамен 3 млн теңге) алады. Ал қарсыласы Хосе Очоа бірінші санатқа кіріп, 4 мың доллар көлемінде сыйақы алады.
Тәжірибеге байланысты бонус мөлшері
Бірінші санатқа UFC-де 1-3 жекпе-жек өткізген спортшылар кіреді. Тәжірибесі артқан сайын сыйақы мөлшері де өседі. Мысалы титулдық айқастарға қатысушыларға 32 мың доллар, ал чемпиондарға 42 мың доллар төленеді.
Алдағы жекпе-жек
Еске сала кетейік, Асу Алмабаев пен Хосе Очоаның айқасы 27 шілдеге қараған түні өтеді. Жекпе-жек Абу-Дабиде UFC on ABC 9 турнирі аясында ұйымдастырылады. Айқас Астана уақытымен шамамен 00:20-да басталады. Екі спортшы да таразыланудан сәтті өтті.