Шымкенттегі Alash Pride 110 турнирінде қазақстандық ММА жауынгері Ерзат Орынбек (1-0) өзбек файтері Бекмурод Исмоиловпен кездесті.
Бекмурод Исмоилов үшін бұл кәсіби ММА-дегі алғашқы жекпе-жек болса, Орынбек кездесуді өз пайдасына өте сенімді түрде аяқтады. Жеңіл салмақта жоспарланған үш раундтық айқас бірінші раундтан аспай қалды:.
Ерзат қарсыласының басына бірнеше жойқын соққы жасап, оны есінен тандырды. Жерге түскен Исмоиловты Орынбек партерде қосымша соққылармен тоқтатты.
Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті қазақстандық спортшыға берді. Нокаут сәтін төмендегі видеодан көруге болады.
Бұл жеңіс арқылы Ерзат Орынбек кәсіби ММА-дегі екінші жеңісіне жетті. Ал өзбек файтері Бекмурод Исмоилов алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліс дәмін татты.