Бокстағы Қазақстан – Өзбекстан жекпе-жегі екі нокдаун және нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы Жасұлан Тілеуімбек кәсіби рингтегі тұсаукесерін сәтті өткізді.
20 жастағы қазақстандық боксшы Тараздағы кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Оның қарсыласы өзбекстандық Асадбек Хусанбоев (1-0, 1 КО) болды.
Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта жоспарланған алты раундқа созылуы тиіс еді. Алайда 2-раундта төреші екі рет Хусанбоевқа нокдаун санады. 3-раундта өзбекстандық боксшының бұрышы ақ орамалды рингке тастап, жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша жекпе-жек Тілеуімбектің техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды.
Жарнама
Жарнама