10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Шавкат Рахмонов UFC октагонына биыл шықпайды

Сарапшы, спорт журналисі
25.08.2025, 18:26

Қазақстандық файтердің жекпе-жек өткізетіні туралы қауесет жуырда жоққа шығарылды. 

Sports24.kz

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың менеджері Дэниэл Рубенштейн әлеуметтік желіде тараған Шон Брэдиге қарсы кездесу өтеді деген қауесетті теріске шығарды. Бұған дейін жекпе-жек қараша айына жоспарланған деген ақпарат шыққан болатын.

Рубенштейн бұл хабарламаларға X әлеуметтік желісінде жауап берді:

«Адамдар, қашан сіздер ақпаратты ЕКІ тараптан да тексермей тұрып, жалған мәліметті тарата беруді доғарасыздар? Бұл жекпе-жек болмайды. Әсіресе қарашада мүлде өтпейді», – деп жазды менеджер.

Шавкаттың қашан оралатыны белгілі болды

Файтердің бапкері Эдуард Базров та шәкіртінің жағдайы туралы пікір білдірді. Оның сөзінше, Шавкат Рахмонов UFC-ге кем дегенде келесі жылы ғана оралады.

Қазіргі таңда спортшы жаттығу процесін бастағанымен, ресми жекпе-жекке шығу уақыты белгісіз.

Соңғы жекпе-жегі

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов өзінің соңғы айқасын 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын.

Реклама
Реклама