Реклама
Реклама

Курьер болған қазақстандық боксшы әлем чемпионатын сәтті бастады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
08.09.2025, 02:01

Ертуған Зейнулинов Ливерпульде өтіп жатқан World Boxing ұйымының тұңғыш әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді. 

instagram/@boxingkazakhstan

1/16 финалда айқын басымдық

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Зейнуллинов Франция өкілі Юго Гроға қарсы шығып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін ол 1/8 финалға жолдама алды, ал қарсыласы турнирді мерзімінен бұрын аяқтады.

Чемпионат алдындағы өмір жолы

Айта кетейік, Ертуған Зейнулинов — Қазақстанның 2024 жылғы чемпионы. Ол ұлттық біріншілікте жеңіске жеткеннен кейін боксқа дайындықпен қатар курьер болып жұмыс істегенін ашық айтқан еді. Жас спортшының табандылығы мен еңбекқорлығы оның қазіргі табысына жол ашты.

Реклама
Реклама