8 қыркүйек, дүйсенбі күні Қазақстан ұлттық құрамасының жеті бірдей боксшысы World Boxing ұйымы ұйымдастырған әлем чемпионатында шаршы алаңға шығады.
Қазақстан намысын ерлер арасында Бибарыс Жексен (60 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Ақхалықов (75 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг) және Айбек Оралбай (90+ кг) қорғайды. Әйелдер арасында Аида Әбікеева (65 кг) мен Гүлсая Ержан (80 кг) өнер көрсетеді. Жанкүйерлер барлық айқасты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Гүлсая Ержан (Қазақстан) – Ивета Лесинските (Литва)
Төрехан Сабырхан (Қазақстан) – Финн Роберт Бос (Нидерланды)
Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Джек Майкл Марли (Ирландия)
Аида Әбікеева (Қазақстан) – Сук Ён Кан (Оңтүстік Корея)
Бибарыс Жексен (Қазақстан) – Сачин (Үндістан)
Сабыржан Ақхалықов (Қазақстан) – Павел Иллюша (Украина)
Айбек Оралбай (Қазақстан) – Ільяс Мюджахит (Түркия)