Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

ӘЧ-2025: Гүлсая Ержан ширек финалға шықты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
08.09.2025, 17:31

Айқас 3:2 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. 

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing 2025 әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. 

80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Гүлсая Ержан 1/8 финалда Литва өкілі Ивета Лесинскитсемен қолғап түйістірді. Тартысты өткен айқаста төрешілер шешімі қазақстандық боксшының пайдасына шығып, ол келесі кезеңге өтті.

Бұл жеңіс Ержанды турнирдің ширек финалына шығарды. Енді ол медальға бар болғаны бір қадам жақындады. 

Айта кетейік

Гүлсая Ержан – 2024 жылғы Азия чемпионы. Таиландтың Чиангмай қаласында өткен құрлықтық додада ол алтын жүлде иеленді. Бұл оның халықаралық аренадағы беделін арттырып, биылғы әлем чемпионатына фавориттердің бірі ретінде келуіне мүмкіндік берді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары