Жексеннің жеңісі қазақ боксына жаңа белес әкелді (ВИДЕО)
08.09.2025, 23:44
Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатында Бибарыс Жексен жанкүйерлерін қуантты.
Instagram/@boxingkazakhstan
Бибарыс Жексен тарихи турнирдің ширек финалына шықты
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бибарыс Жексен үндістандық боксшы Сачинмен қолғап түйістірді. Қарсыластар арасындағы айқас жоғары қарқында өтіп, қазылар алқасы қазақстандық спортшыны басым деп таныды. Нәтижесінде Жексен 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Оған ширек финалда Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Абдумалик Халоков қарсылас атанады.
World Boxing тарихындағы алғашқы әлем чемпионаты
Айта кетейік, Ливерпульде өтіп жатқан дода – World Boxing ұйымы ұйымдастырып отырған ересектер арасындағы тұңғыш әлем чемпионаты. Бұл жарыс халықаралық бокс тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы ретінде бағалануда.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама