9 қыркүйек күні Ливерпульде өтіп жатқан 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының тоғыз бірдей өкілі шаршы алаңға шығады. Күннің басты интригаларының бірі – Наталья Богданованың 1/4 финалдағы айқасы, онда ол Қазақстанға алғашқы медальді сыйлауы мүмкін.
Чемпионаттың алтыншы жарыс күнінде Қазақстан спортшылары бірден екі сессияда бақ сынайды.
Әйелдер арасында: Назым Қызайбай (48 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Виктория Графеева (60 кг), Наталья Богданова (70 кг).
Ерлер арасында: Махмуд Сабырхан (50 кг), Санжар Ташкенбай (50 кг), Нурбек Оралбай (80 кг), Бекзат Нұрдәулетов (85 кг), Ертуған Зейнулинов (85 кг).
Наталья Богданова 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Түркия боксшысы Сема Чалышканмен кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальді еншілейді. Осылайша, дәл бүгін Қазақстан құрамасы өз активіндегі алғашқы медальға қол жеткізуі ықтимал.