Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты кезекті қызықты күнге куә болды. Қазақстан құрамасының былғары қолғап шеберлері рингке жеті рет шығып, алтауында жеңіске жетті. Бір боксшымыз күтпеген жерден турнирден тыс қалды.
Гүлсая Ержан (80 кг) – литвалық Ивета Лесинскитемен тартысты айқаста 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Төрехан Сабырхан (70 кг) – бірінші раундта нидерландтық Роберт Босқа есе жібергенімен кейін қарқынын арттырып, 4:1 есебімен жеңді.
Сағындық Тоғамбай (90 кг) – ирландиялық Джек Майкл Марлиді айқын басымдықпен 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Аида Әбікеева (65 кг) – оңтүстіккореялық Сук Ён Канды таза басымдықпен 5:0 есебімен жеңді.
Бибарыс Жексен (60 кг) – үндістандық Сачин Сачиннен айласын асырып, 4:1 есебімен үстем түсті.
Сабыржан Аққалыков (75 кг) – украиналық Павел Иллюшамен кездесіп, тартысты жекпе-жекте 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Айбек Оралбай (+90 кг) – құрама капитаны түрік боксшысы Ильяс Мүджахитті айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңді.
Бесінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы:
Турнирден үш боксшымыз – Элина Базарова (54 кг), Надежда Рябец (75 кг) және Сабыржан Аққалыков (75 кг) өз жорығын аяқтады.