Реклама
Реклама

«Бүгін чемпионсың, ертең жай қатысушы»: ӘЧ-нан ұшып кеткен Сабыржан Аққалықов жүрекжарды жазба жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
09.09.2025, 15:36

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады. Жеңілістен кейін спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзін сынағандарға жауап қатты.

instagram/@akkalykov_sabirzhan

Спортшының мәлімдемесі

Сабыржан өзінің жазбасында эмоциясын жасырмай, сын айтушыларға ашық үн қатты:

«Мен үшін бұл әлем чемпионаты аяқталды. Кей жерде қателік жібердім, кей тұста күшім жетпеді. Айтар сөзім жоқ.

Ал спорттың сыншыларына айтарым: ауызыңызды жапқаныңыз дұрыс! Біздің қанша уақыт дайындалатынымызды, туыстарымызды көрмей, қан мен тер төгетінімізді сіздер білмейсіздер. Мұның бәрі – еліміздің көк Туын көтеру үшін жасалады.

Сіздер тек жеңіс тұғырын ғана көресіздер. Жеңсең – батырсың, жеңілсең – бірден жаман атанасың. Ал спорт – болжап болмайтын дүние: бүгін чемпионсың, ертең жай ғана қатысушысың», – деп жазды ол.

Жекпе-жек нәтижесі

75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Аққалықов алғашқы айналымда украиналық боксшы Павел Ильюшадан ұтылып қалды. Осылайша Қазақстан ерелер құрамасынан ең бірінші болып жарыстан шығып қалды.

Реклама
Реклама