Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Алуа Балқыбекова қарсыласын нокдаунға жіберді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
09.09.2025, 16:26

Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты жалғасуда. 51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алуа Балқыбекова алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Ливерпульдегі шешуші айқас

Алуа 1/8 финалда Оңтүстік Корея спортшысы Га Ён Мунмен қолғап түйістірді. Екінші раундта Балқыбекова қарсыласын тізерлеткен нокдаунға жіберді. Төрешілер бірауыздан (5:0) жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Осылайша Алуа ширек финалға жолдама алып, ел намысын қорғауды жалғастырады. 

Алуаның жетістіктері

Бұл жеңіс Балқыбекованың соңғы жылдардағы тұрақты табыстарының жалғасы. 2024 жылы ол Сербияның Ниш қаласында өткен IBA әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді. Сонымен қатар Алуа екі мәрте Азия чемпионы атанған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары