Жан түршігерлік нокаут! Қазақстан құрамасының көшбасшысы бірінші раундта-ақ ширек финалға шықты
09.09.2025, 18:39
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында (World Boxing) Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі – Махмұд Сабырхан кезекті жекпе-жегін сәтті аяқтады.
Instagram/@boxingkazakhstan
Жойқын нокаут
55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы 1/8 финалда Косово өкілі Башким Бажокумен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек ұзаққа созылмады. Алғашқы раундтың өзінде-ақ Сабырхан жойқын соққымен қарсыласын нокаутқа түсіріп, айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл сенімді жеңіс оған ширек финалға жол ашты.
Махмұд Сабырханның жетістіктер жолы
- 2023 жылы – әлем чемпионы атанды.
- 2021 жылы – әлем біріншілігінің күміс жүлдегері болды.
- 2022 жылы – Азия чемпионатының вице-чемпионы атанды.
Осы табыстар Сабырханды Қазақстан құрамасының басты жұлдыздарының бірі әрі медальға ең үлкен үміткерлердің қатарына қосады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама